18:24, 23 Тамыз 2014 | GMT +5
Нанкинде боксшы жігіттердің бәрі де жартылай финалға шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Нанкин қаласындағы Жасөспірімдер олимпиадасында бүгін қазақстандық боксшылар ұрысқа шықты, деп хабарлады «Қазақстандық бокс федерациясы» қауымдастығы.

Жігіттер жағынан сайысқа түскен барлық отандастарымыз да 3:0 есебімен жеңіске жетті. Жастар арасындағы әлем чемgионы Абылайхан Жүсіпов (60 келі) румын Арсен Мұстафадан басым түсті. Жастар әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Вадим Казаков (801 келі) норвегиялық Вегар Трегренді ұтты. Жастар арасындағы әлем чемпионы Шалқар Айқынбайдың (49 келі) түрік Мерт Каракылычтан мерейі үстем болды.
Өкінішке орай, Нанкиндегі ҚР-ынан қыздар арасындағы жалғыз боксшы Алуа Балқыбекова (51 келі) армян қызы Ануш Григорянға есе жіберді - О:3.
Ертең қазақстандықтар жартылай финаkда өнер көрсетеді. Абылайхан Жүсіпов венгр Ричард Коннимен шайқасады, Вадим Казаков - армян Нарек Манасянмен, ал Шалқар Айқынбай - әзербайжан Руфат Хусейновпен жұдырықтасады.