Нанкиннің бұрынғы мэрі 15 жылға сотталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қытайдың Шаньдун провинциясындағы Яньтай қаласының соты Цзянсу провинциясындағы Нанкин қаласының бұрынғы басшысын 15 жылға бостандығынан айырды, деп хабарлады China Daily.

Нанкиннің бұрынғы мэрі 15 жылға сотталды

1999-2012 жж. Цзи Цзянье жеті адам мен ұйымнан тендердегі ұтыс пен жұмысқа орналастыру үшін 11,32 млн. юань (1,8 млн. доллар) көлемінде пара алған.

2013 жылдың қазан айында ол жемқорлық әрекетке барды деген күдікпен орнынан босатылған Цзянсу провинциясының алғашқы жоғары лауазымды шенеунігі болды.

Сот үкімімен айыпталушының 2 млн. юані тәркіленді.

Қазіргі уақытта оның әйелі, жүргізушісі, риэлторлар мен Цзи Цзяньенің өзге де заң бұзушылық әрекеттеріне қатысты адамдарға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.