11:48, 10 Ақпан 2009 | GMT +5
Нанның бағасы өспейді
АСТАНА. Ақпанның 10-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Нанның бағасы өспейді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары Өмірзақ Шөкеев мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Нанның қазіргі бағасы ұн кәсіпорындары үшін 1 тонна астыққа 250 АҚШ доллары көлемінде қалыптасты. Біз бұл бағаны қамтамасыз етеміз», - деді ол. Бүгінге дейін меморандумдар бойынша өңірлердегі әкімдердің қорлары жұмыс істейтініне тоқталған Ө. Шөкеев мұнымен қоса тұрақтандыру қорында 1 млн. тонна астық бар екенін жеткізді.
«Сондықтан елімізде азық-түлік бағасының өсуіне ешқандай себеп жоқ», - деді Премьер-Министрдің орынбасары.