Наоми Кэмпбелл 53 жасында ұлды болды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Сән әлемінің танымал жұлдызы Наоми Кэмпбелл 53 жасында екінші рет ана атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат супермодельдің әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.
«Кішкентай қымбаттым, осы өмірге келіп, бізді қуантқан сәтіңнен бастап, махаббатымызбен аялайтынымызды біл. Құдайдың берген шынайы сыйы! Тәңір жарылқасын! Қош келдің, Балақай. Ана болу ешқашан кеш емес», - деп жазды ол.
Айта кетсек, 2021 жылы супермодель тұңғыш рет ана атанған. Ол қызының дүниеге келгені туралы дәл осылай әлеуметтік желі арқылы жариялаған болатын.