Наполеон өсиетхатының көшірмесі 375 мың еуроға сатылды

АСТАНА. 7 қараша. ҚазАқпарат - Француз императоры Наполеон І Бонапарттың өсиетхатының жалғыз көшірмесі Druout бәссауда үйінде 375 мың еуроға сатылды.
None
None

Құнды жәдігерді құны болжаммен 120 мың еуроға бағаланған болатын.

БАҚ мәліметтері бойынша,енді құжат Франция тұрғынының жекеменшік коллекциясында сақталады. Оның есімінің кім екендігі белгісіз.

1821 жылы 16 сәуірде француз императорының қолымен оның өмірден өтер алдында 19 күн бұрын өз қолымен жазылған құжаттың түпнұсқасы Францияның Ұлттық мұрағатында сақталған. Оның көшірмесін Наполеонның кеңесшісі жасаған. Өсиетхатында Наполеон өзінің күлін Сена өзеніне тастауды сұраған. Алайда, императордың соңғы өтінішіне қарамастан, оның күлі Париждегі мүгедектер үйінде сақталып келеді.

Соңғы жаңалықтар