Наполеон семсері Қазақстанның ұлттық музейіне қойылды

«Көрмеге қару-жарақ өнерінің үздік туындылары қойылған. Экспозицияда 70-тен астам жәдігер: Түркия, Иран, Үндістан, Жапония, Франция, Италиядан және де өзге мемлекеттерден жауынгерлік, аңшылық, шерулік қарулар жеткізілді», деп мәлім етті ҚР Ұлттық музейінің экскурсиялық қызмет көрсету бөлімінің әдіскері Құмар Жүнісов.
-Көрменің жылнамалық шегі қару-жарақ қолөнерінің 400-ден астам жыл бойғы даму тарихи кезеңін - XV ғасырдан XIX ғасыр соңына дейін қамтиды, - деді Қ.Жүнісов.
Көрме қарулардың даму тарихынан және оларды жасаушы шеберлердің талантынан сыр шертеді.
- Жәдігерлерлің арасында ерекше қару бар - ол Наполеон Бонапарттың семсері. Оны ол император І Александрға Тильзиттік бейбітшілік келісіміне қол қою кезінде сыйға тартқан,- деп атап өтті Жүнісов.
Қару-жарақ өнерінің экспозициясы халықаралық ЭКСПО көрмесінің өтуіне орайластырылған және 20 қыркүйекке дейін жалғасады.