Наразылық акциясы орын алған Бангладеште жарылыстар болды

АСТАНА. 27 наурыз. ҚазАқпарат - Бангладеш астанасында қолдан жасалған бірнеше шағын жарылғыш құрылғылар жарылды. Бұл туралы ВВС-дің орыс қызметі жергілікті полицияға сілтеме жасап хабарлады.

Наразылық акциясы орын алған Бангладеште жарылыстар болды

Оппозиция Даккада 36 сағаттық наразылық акциясын өткізуде. Оппозиция альянсы, яғни онда көшбасшылық рөл атқарып тұрған Бангладеш ұлтшылдық партиясы наурызда тұтқындалған партия мүшелерін босатуды талап етуде.

Журналистердің хабарлауынша, Даккада мектептер мен кәсіпорындар жабылып, жолдар босап қалды. кейбір аудандарда шерушілердің полициямен қақтығыстары орын алған көрінеді. Басқарушы «Авами лигасы» партиясы да оппозиция митингісіне қарсы наразылық акциясын өткізіп жатыр.