Наразылық білдіруші кәсіпкерлер Тәуелсіздік алаңына түнеп шықты

АСТАНА. 23 қараша. ҚазАқпарат - Киевте қабылданған жаңа Салық кодексіне наразылық білдіруші кәсіпкерлер дүйсенбі күні таңертеңнен бері наразылық акциясын өткізіп жатқан Тәуелсіздік алаңын әзірге босатқылары жоқ. 23 қарашаға қараған түнде ұйымдастырушы белсенділер алаңда тігілген шатырларда түнеп шықты. Бұл туралы "Интерфакс" агенттігі мәлімдеп отыр.

Наразылық білдіруші кәсіпкерлер Тәуелсіздік алаңына түнеп шықты

Митингіні ұйымдастырушы қозғалысқа қатысушы топ өкілдерінің бірінің айтуынша, салық реформасына наразылық білдіруші кәсіпкерлер осы жолды таңдау арқылы биліктің назарын аударып, өз ұстанымдарын нығайтуды көздеуде. Олар наразылық білдірушілерге басқа жаңа топ легі келіп қосылатындығына үмітті. Белсенділер тігілген шатыр маңына күзетшілер қойылған. Журналистердің есебі бойынша алаңда тігілген шатырларда түнде небәрі жүзге тарта қатысушылар қалған. Күндіз олардың саны бірнеше мыңдаған адамға жеткен болатын.