Нәресте денесін өртемек болған кезде тіріліп кетті
АСТАНА. 21 қараша. ҚазАқпарат - Қытайда сәби денесін өртемек болған кезде есін жиған. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, бұл жағдай нәрестені жерлеу шарасы кезінде болған.
Баланың ата-анасы оны емдеуді дәрігерлердің нұсқауымен тоқтатқан. Ал жерлеу рәсімі болып жатқан шақта бала тіріліп кеткен.
Қазір сәби ауруханаға қайта жатқызылды. Дәрігерлер оған қан құюды жалғастырып жатыр.