Нарықтағы көкөніс бағаларының күрт жоғарылауы мемлекет тарапынан тиісті шараларды қолға алуды талап етеді ? Ауыл шаруашылығы вице-министрі А.Евниев

АСТАНА. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Жолдыбаев/ - Нарықтағы көкөніс бағаларының күрт жоғарылауы мемлекет тарапынан тиісті шараларды іске асыруды талап етеді.
None
None
Бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде елдегі жылыжай өндірісі мәселелеріне арналған семинар-кеңес кезінде аталмыш ведомство басшысының орынбасары Арман Евниев осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қазақстанда жеміс, көкөніс саласындағы жағдайды саралайтын болсақ, 2008 жылы 2001 жылмен салыстырғанда өсірілген көкөніс өнімдері 21,8 пайызға артып, 2280,0 мың тоннаға жетті. Бірақ ел аумағының үлкендігіне және климаттық әртүрлілігіне байланысты көкөніс өндірісі маусымдық сипат алып отыр. Жеміс-жидек өнімдері жылдың екінші жартысында ғана жиналатындықтан, жыл басында ерте пісетін көкөністерге қажеттілік орындалмай отырады. Баға өсімінің жоғарылауының бір себебі осында жатыр», - дейді А.Евниев. Вице-министрдің айтуынша, халықтың көкөністерге деген қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін әрі баға саясатын тұрақтандыру мақсатында жылыжайларды көбейту қажет. «Ол үшін біздің климатқа сәйкес келетін технологияларды қолдану керек. Сондай-ақ мемлекет тарапынан субсидиялар бөлу қажет. Қазір біз солтүстік және орталық аймақтардағы жылыжай өндірісіне қаржы бөлу жөнінде шешімді қарап жатырмыз. Кейінгі мәселенің бірі - шетелден әкелінетін көкөністердің ағымына тосқауыл қою. Салық және кеден алымдарын бір тәртіпке келтірсек, отандық өндірушілердің бәсекелестік қабілеті артар еді», - деп атап көрсетті вице-министр.
Соңғы жаңалықтар