НАСА аппараты тарихта алғаш рет Плутонға дейін ұшып барды
АСТАНА. ҚазАқпарат - НАСА New Horizons ғарыш аппараты ең кішкентай ғаламшар Плутонға дейін ұшып барды және оның бетінен небары 12,5 мың шақырымнан ұшып өтті.
Америкалық Ғарыш агенттігінің ұшырылымды басқару орталығының мамандары АҚШ туын желбіреткен жаңалыққа куә болды.
Соңғы тәулікте ғарыш стансасы Плутонға сағатына 14 шақырым жылдамдықпен ұшқан.
«Біз Джоне Кеннеди президент боп тұрған кезде 50 жыл бұрын басталған және Барак Обама президент кезінде жалғасқан Күн жүйесін бастапқы зерттеуді аяқтадық», - деп атап өтті миссияның бас өкілі Алан Стерн.
Аппарат енді Плутон, Харонда, тағы да Күн жүйесі перифериясында Койпера белдігіндегі басқа да нысандарды фотоға түсіреді.
New Horizons миссиясы 15-17 жылға арналған. Келешекте аппарат Плутонның кішкене айлары - Стикс, Никс, Цербер, Гидраны түсіретін болады.