NASA астероидқа кез келген адамның өнер туындысын аттандырмақ

NASA қыркүйекте Бенну астероидына «Осирис-Рекс» аппаратын аттандырмақшы.
«Аппарат астероидтың топырағын алып, оны зерттеу үшін жерге жеткізуі керек», - дейді NASA мамандары. Олардың айтуына қарағанда, адамзаттың ғарыш кеңістігін зерттеуге ұмтылысын бейнелейтін жоба көптеген адамдарға көркем өнер туындыларын жасауға шабыт беруі тиіс.
«Біз бүкіл әлемді осы қызықты сапарға атсалысып, ғылыми аппаратпен бірге ғарышқа жіберу үшін өз жұмыстарын ұсынуға шақырамыз», - дейді Аризона штаты университетінен «Осирис- Рекс» бағдарламасына қатысушы Данте Лоретта.
NASA-ның осы жобасына кез келген жанрдағы жұмыстар қабылданады, оның ішіне өлеңдер, әндер және қысқа видеолар да кіреді. Олар ғарыш кемесіне санды нұсқада жазылып жіберіледі. Туындылар 20 наурыздан бастап қабылданады.