08:52, 24 Қараша 2015 | GMT +5
NASA: Астероидтардан алтын іздеу үшін арнайы телескоп құрастырылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - NASA инженерлері астероидтардан алтын іздеу үшін арнайы телескоп құрастырды, деп хабарлайды planet-today.ru.

Америкалық НАСА ғарыш агенттігі Вандербильт университетінің мамандарымен ерекше телескоп құрастыру бойынша шарт жасасқан еді. Жаңа техника ғарыш денелерінен алтын қорын іздей алатындай болуы тиіс болған.
АҚШ инженерлерінің сөзіне қарағанда, құрастырылған ерекше құрылғы галактикалық гамма-сәулелендірудің көмегімен ғарыш денелеріндегі байлықтардың үлесін өлшей алады.
Сонымен қатар телескоп жоғары дәлдікке ие болады. Ресми деректерге сәйкес, оның бағасы қолжетімді.
Гамма-телескоп аспан денелерінің жоғарғы қабатының астында орналасқан астероидтарға сәулелер көмегімен үңіле алады. Кометаның не өзге дененің химиялық құрамын анықтап, оған сараптама жасауға болады, деді НАСА агенттігінің өкілдері.