NASA басшысы 2030 жылы Марста адамдар өмір сүре бастайтынын айтты
АСТАНА. ҚазАқпарат - NASA басшысы Чарльз Болден АҚШ конгресімен Марс ғаламшарын игеру жоспарымен бөлісті. Оның айтуынша, 2030 жылы Қызыл ғаламшарға адамдар орналаса бастайды, яғни жаппай қоныстану басталады.
Болден адамзат күндердің күні Жерден кетуіне тура келетінін атап өтті, ғарышта өмір сүруге ең қолайлы ғаламшар қазіргі сәтте Марс болып отыр, - деді ол.
Болден Марсқа адамдарды тасымалдаумен айналысуды жоспарлап отырған SpaceX және Mars One ғарыш фирмалары NASA бәсекелестері бола алмайтынын қосты. Ведомство рұқсатынсыз олардың қызметі мүмкін емес, деп жазады Rrnews.ru.