09:31, 13 Маусым 2016 | GMT +5
NASA: Болашақта марсоходтың өз тікұшағы болуы мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - Марс-2020 аппаратына зерттеу жасауға мол мүмкіндік беріледі. NASA Марсты зерттейтін роверге шағын тікұшақ орналастыруды қарастырып жатыр, деп хабарлайды naked-science.ru.

Тікұшақ бағытты анықтауға ғана емес, сонымен қатар Марсты зерттеуші көліктің суретін түсіруге керек болуы мүмкін. Өйткені мамандар суреттер арқылы ровердің жағдайын бағалап отырмақ.