NASA ғарышкерлері ғарышқа ұшты
АСТАНА. KAZINFORM – NASA-ның америкалық ғарышкерлері Джессика Мейр мен Анил Менон Халықаралық ғарыш станциясының сыртында ғарышқа ұшты.
Джессика Мейр мен Анил Менон 6 сағат 27 минутқа созылған ғарышқа шығу кезінде барлық негізгі тапсырмаларды, соның ішінде электр қуатын дайындауды орындады. Өткізілген жұмыстар орбиталық зертхананы қосымша электр қуатымен қамтамасыз ететін, маңызды жүйелерді қолдайтын және Халықаралық ғарыш станциясының қауіпсіз және бақыланатын орбиталық айналымын жеңілдететін жылжымалы күн батареяларын орнатуға негіз жасайды.
Бұл ғарыш станциясын құрастыру, техникалық қызмет көрсету және жаңарту бағдарламасының бөлігі ретінде жүргізілген 281-ші ғарышқа шығу болды.
Анил Менон үшін бұл алғашқы ғарышқа шығуы болса, Джессика Мейрдің осымен алтыншы рет ұшты.
Осыған дейін NASA орбитаға алғашқы роботын ұшырғанын хабарладық.