NASA: Ғасыр соңында озон тесігі бітелуі мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - NASA хабарламасында озон қабаты біртіндеп қалпына келе бастағаны айтылады. Қазіргі уақытта алаңы 12 млн. шаршы миль болатын озон тесігі алдағы 30 жыл ішінде 8 млн. шаршы милге кішірейеді, ғасыр соңында мүлдем жоқ болып кетуі мүмкін.

NASA: Ғасыр соңында озон тесігі бітелуі мүмкін

Жер атмосферасындағы озон қабаты барша тіршілік иесін жойып жібере алатын Күннің ультракүлгін сәулесінен қорғайды, деп жазады Утро.ру. Газ-фреондар, өнеркәсіптік қалдықтар кесірінен өткен ғасырдың екінші жартысында озон қабаты бұзыла бастады. Салдарынан 1980 жылдары Антрактидада орасан үлкен озон тесігі пайда болды.

1987 жылы озон қабатын құратын заттар жайындағы халықаралық Монреаль хаттамасына қол қойды. Ол екі жылдан кейін күшіне енді. Содан бастап атмосфераға фреон қалдығын шығару азая бастады.