NASA Гавай аралдарында Марсқа арналған парашютті сынақтан өткізеді
Бұған дейін біраз уақыт бойы аппараттар Марсқа әдеттегі парашюттің көмегімен қонып келген. Енді жай аппарат қана емес, құрамында астронавтар мен басқа да құрылғылар бар ауыр жүктерді түсіру үшін бұрынғыдан мықтырақ парашют қолданылмақшы. Бұл оңай шаруа емес, өйткені Марстың ауа қысымы жерге қарағанда төменірек. Ондай жағдайда заттың құлау жылдамдығы әлдеқайда жоғары болады.
NASA мамандары марстық парашютті биіктен тастап көрмек. Бұл өз кезегінде қатты жылдамдық алуға мүмкіндік беріп, Марстағыдай жағдай тудыруға, сондағы жылдамдыққа ұқсатуға мүмкіндік береді. Сынақты өткізушілер құлау жылдамдығын дыбыс жылдамдығы көрсеткішіне жеткізуді мақсат етіп отыр. Аппаратта видеокамера орнатылып, аппараттың бүкіл құлау сәтінен трансляция жасалады. Бұл көрсетілімді интернет арқылы тамашалауға болады.
Инженерлер алғашқы сынақ сәтсіз аяқталады деген болжам жасап отыр.
Аппаратты белгіленген 36,6 километр биіктікке көтеру үшін гелий толтырылған шар қолданылады.