NASA қазақстандық ғалымдарды Халықаралық ғарыш стансасындағы ғылыми жобаларға қатысуға шақырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінде «Қазғарыш» және Аэронавтика мен ғарыш кеңістігін зерттеу бойынша ұлттық басқарма (NASA) өкілдерінің арасында кездесу өтті, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметінен.
None
None

Аталған іс-шараға АҚШ елінен Ресейдегі NASA басқарылатын ғарыштық ұшырулар бағдарламасының директоры Шон М.Фуллер, Қазақстан тарапынан ҚР ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің қарамағындағы ұйымдардың өкілдері қатысты.

Кездесу барысында NASA өкілі қазақстандық ғалымдарға Халықаралық ғарыш стансасында (ХҒС) жүзеге асырылатын ғылыми жобаларға, соның ішінде ғарыштың адам ағзасына ықпалын зерттеу, Жерді қашықтықтан зондтау бойынша, сонымен қатар басқа да өзара тиімді ғылыми жобаларға қатысуды ұсынды.

Талқылау нәтижелері бойынша тараптар ынтымақтастықтың басымдықты бағыттарын жете қарастыру туралы ниеттерін білдіріп, сондай-ақ «Қазғарыш» өкілдерінің NASA қызметімен танысу және ынтымақтастықтың нақты мәселелерін пысықтау үшін Джонсон ғарыш орталығына (Техас штаты, АҚШ) жұмыс сапарымен баруы жөнінде уағдаластық жасасты.

Соңғы жаңалықтар