NASA: Kepler телескопы тіршілік болуы мүмкін жаңа ғаламшарларды анықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу бойынша Ұлттық басқармасы (NASA) көп бөлігі «тіршілік аймағында» орналасқан 1,2 мыңнан астам жаңа ғаламшарды ашқаны туралы жариялады.

NASA: Kepler телескопы тіршілік болуы мүмкін жаңа ғаламшарларды анықтады

«NASA Kepler ғарыш телескопының Күн жүйесінің сыртында 1284 жаңа ғаламшарды ашқанын мәлімдеп отыр, бұл танымал экоғаламшарлардың санын екі есе көбейтіп отыр», - делінген хабарламада.

100-ден астам жаңа ғаламшардың салмағы Жерге ұқсас, жартасты ландшафты бар. Ашылған 550-ге жуық ғаламшар кішкентай, жартасты болуы мүмкін, олардың ішінде тоғызы Жердегі тіршілікке ұқсас өмір формаларына ие болуы мүмкін «тіршілік аймағында» орналасқан.

Обсерватория серігі болып табылатын Kepler ғарыш телескопы 2009 жылы іске қосылды, деп хабарлайды Росбалт. Ол сондай-ақ көлемі Жердікіндей, тіршілік болуы мүмкін ғаламшарларды іздеу қызметін атқарады.