09:56, 14 Ақпан 2016 | GMT +5
NASA Күндегі тіршіліктің бір жылын 6 минутта көрсетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - NASA агенттігінің қызметкерлері Күндегі тіршіліктің бір жылын 6 минутта көрсетті. Видеороликте соңғы 13 айда жарықтың өзгеруі көрсетілген.

Күн динамикасы обсерваториясынан үнемі Күнді бақылап отырады, деп жазды Svopi.ru.
NASA қызметкерлері 10 түрлі толқында әр 12 секунд сайын суретке түсіру үшін заманауи аппаратураны пайдаланады. Ғалымдар 13 ай бойы жинаған барлық суретті топтастырды. Желідегі пайдаланушыларға Күндегі тіршіліктің бір жылын көрсету үшін арнайы алты минуттық ролик дайындаған. Видеоға қарағанда, жарық өлшемі бір жыл ішінде ұлғайып және кішірейіп отырған. NASA қызметкерлері Күн мен спутник арасындағы ара қашықтық өзгеретінін айтты.