НАСА қызметкері тыңшы болып шықты
АСТАНА. Қазанның 20-сы. ҚазАқпарат - Федералдық тексеру бюросының (ФБР) агенттері АҚШ азаматы 52 жастағы ғалымды тұтқындады.
Әлгі азаматқа Израиль барлауының агенті болып табылады-мыс деген адамға құпия ақпарат берді деген күдік келтірілуде, деп хабарлайды ВВС телекомпаниясы.
Стюарт Ноззет деген азаматтың Пентагонға да, АҚШ-тың аэроғарыштық НАСА агенттігіне де жұмыс істегені хабарланып отыр. Тергеудің мәліметтері бойынша, құжаттарды ол ақшалай сыйлық үшін беріп отырған. Прокуратураның мәлімдемесіне сүйенсек, мемлекеттік құпияны сату ойларында бар басқа азаматтарға сабақ болуы үшін, әлгі ғалымға барынша қатты жаза берілмек.
Анықталғандай, С.Ноззет 1989-2006 жылдар аралығында құпия құжаттармен жұмыс істеп келген. АҚШ Әділет министрлігінің мәлімдемесіне сүйенсек, ғалымның ұлттық қауіпсіздікке қатысы бар мәліметтерге қолы жетімді болған. Бюроға С.Ноззеттің шетелге құпия мәліметтер беруге әзірлігі туралы ақпарат келіп түскен. Сөйтіп ғалымға өзін Израиль барлауының агентімін деп таныстырған агент жіберілген. Күдіктің негізсіз емес екені сөйтіп анықталған. 11 мың доллар мен Израиль төлқұжаты үшін С.Ноззет Федералдық тексеру бюросына зымыранға қарсы қорғаныс, барлау қызметтерінің әрекеттері, ерте жария ету жүйесі туралы құпия мәліметтер жеткізіп отырған. Осы деректердің негізінде ол тұтқынға алынған.