20:02, 22 Қазан 2015 | GMT +5
НАСА Лос-Анджелесте болатын жер сілкінісі жайлы ескертті
АСТАНА. ҚазАқпарат - НАСА Америкалық аэроғарыш агенттігі Лос-Анджелесте алдағы үш жылда қуаттылығы орташа жер сілкінісі болатынын болжады. Катаклизм мүмкіндігін ғалымдар 99-ға бағалады.

Геофизик Андрей Донеллан бастаған ғалымдар тобы Лос-Анджелес маңындағы радиусы 100 шақырымдай жерде табиғаттың өзгеруін тексерді. Бұл жерде алдағы үш жылда магнитудасы 5 балдан кем емес жер сілкінісі болуы мүмкін екені анықталды, деп хабарлады epochtimes.ru.