NASA Марсқа 13 жастағы қызды ұшырмақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Марсқа аяқ басатын алғашқы адам 13 жастағы америкалық қыз Алисса Карсон болуы мүмкін. Сарапшылар бұл қыз аталған планетаның бірінші қонағы болуға лайық деп есептейді.
Француз, испан, қытай және түрік тілдерін білетін Алисса Карсонның ұшуға дайындалуында жақсы жетістіктер бар.
Ол әр елде орналасқан NASA-ның үш лагерінде болды.
Батон-Руж (Луизиана штаты) қаласы тумасының сөзіне қарағанда, Марсқа ұшу - оның өмірінің басты мақсаты.