NASA: Марсқа ұшу өмірге өте қауіпті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Марсқа ұшу миссиясы басталар кезге дейін Күн жүйесін зерттеу өмірге қауіпті болуы мүмкін, деп тұжырымдап отыр америкалық ғалымдар. Қазірдің өзінде күн белсенділігінің төмендеу кезеңі басталды. Сондықтан бір жылдан артық ғарышта болатын Марс миссиясының қатысушылары әлдеқайда күшті радиоактивті сәулеге ұшырап, сол себепті Марсқа және астероидтарға миссия жоспары орындалмауы мүмкін.
Жердің магнит өрісі адамдарды осы радиацияның үлкен бөлігінен қорғайды. Алайда бұл «қалқанның» қуаттылығы 11 жылдық күн циклі ауқымына ғана жетеді. Жердің магнит өрісі адамдарды оның жоғарғы бетінде, сонымен бірге ХҒС-та қорғайды, алайда күн белсенділігінің азаюы жер орбитасынан ары шығатындарға кері әсер етуі мүмкін дейді америкалық ғалымдар.