NASA Марсты отарлауды мақсат тұтып отыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - NASA агенттігінің басты мақсаты - Марсты отарлау. Бұл туралы АҚШ-тың Ұлттық зерттеу кеңесінің баяндамасында хабарланған.
None
None

Мұндай пікірге жақында ұйымның отырысында АҚШ-тың Ұлттық зерттеу кеңесінің Президиумы келген. Олардың ойынша, әкімшілік бірте-бірте Марсты отарлауды жүргізуі тиіс. Олардың сөзіне қарағанда, бұған Айды, Жерге жақын серіктерді және Марсты зерттеу негізінде қол жеткізу керек.

АҚШ-тың Ұлттық зерттеу кеңесінің Президиум мүшелері Марсты отарлау АҚШ-тың қауіпсіздігіне, сонымен қатар ұлттық мүдделеріне оң әсер етпек деп отыр.

Соңғы жаңалықтар