NASA-ның ғарыштық телескопы жаңа бес ғаламшарды анықтады

АСТАНА. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат - Орбитаға 2009 жылдың наурызында ұшырылған «Кеплер» NASA ғарыштық телескопы Күн жүйесінен тыс маңда жаңа ғаламшарларды анықтады,

NASA-ның ғарыштық телескопы жаңа бес ғаламшарды анықтады

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.

Табылған экзотикалық ғаламшарлардың ешқайсысы да Жер үлгісіндегі ғаламшарларға жатпайды. Ғаламшарлардың ең кішкентайы - Нептунның, қалған төртеуі Юпитердің мөлшеріндей болады. Олардың үстіңгі қабаттарындағы температура - балқыған лаваның температурасындай.