НАСА: Осы жолғы ақпан бүкіл тарихымыздағы ең жылы ай болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Осы жолғы ақпан бақылау тарихы бойынша ең жылы ай болды, деп хабарлады ғарыш серіктерінен алынған деректер негізінде НАСА сарапшысы.
Ғалымдар бұған себеп антропогендік жаһандық жылыну үдерісімен рекордтық қуатты «Эль-Ниньо ықпалының» пайда болуымен түсіндірді, деп хабарлады BBC Орыс қызметі.
НАСА өлшемі бойынша Жер бетінде жаһандық орташа температура осы ақпанда 1951-1980 жылдардағы бақылау кезеңінің осы айдағы орташа мәніне қарағанда, 1,35 градус жоғары болған.
Бұл ауытқу барлық ғылыми метеобақылау уақытында ең елеулісі деуге болады.
НАСА мамандары 1998 жылғы жылы ақпан да қарқынды Эль-Ниньо жылы болғанына мән беруде. Алайда орташа температурадан асу тек 0,846 градусты құрады.