12:49, 09 Шілде 2016 | GMT +5
NASA су болуы мүмкін Марс каньондарының фотосуреттерін жариялады
АСТАНА. ҚазАқпарат -NASA ресми сайтында судың ізі бар Марс каньондарының спутниктік фотосуреттері жарияланды.
Ғалымдардың айтуынша, қызыл ғаламшар экваторындағы каньондарды кесіп өтетін мыңдаған қара сызықтар су болуы мүмкін.
«Судың ізі өте көп. Олар каньон беткейлерінде біз бұрын ойлағаннан да жиі пайда болады», - дейді Тусондағы Аризона университетінің ғалымы Мэттью Чоджнацки. Оның ойынша, бұл белгілер тұзы сулардың жер бетіне шығу маусымымен де байланысты.
Енді ғалымдардың Марс бетіндегі сұйық суға деген күмәні сейілді. Алайда, судың қайнар көзі әрі анықталған жоқ.