НАСА тарихтағы ең қуатты зымыран жасап шығарады

АСТАНА. 15 қыркүйек. ҚазАқпарат - НАСА инженерлері тарихтағы ең қуатты ғарыштық зымыран жасауды бастады.

НАСА тарихтағы ең қуатты зымыран жасап шығарады

Мамандар мәлімдегендей, ол тек ХҒС-ға ғана емес, одан әлдеқайда алыс, адам аяғы баспаған қашықтыққа ұшуға мүмкіндік береді. Оның нысанасы астероидтар, Марс жер серіктері, және әрине, Қызыл ғаламшардың өзі болады, деп хабарлайды ВЕСТИ.ru.

Жоба - әзірге тек компьютерлік анимация, бірақ ол Вашингтонда ғарышты игеруде революциялық жарылыс ретінде ұсынылмақ.

Әзірге зымыран «Ғарышта iске қосу жүйесі» деп аталады. Ғарыш жүк көлігіне 35 миллиард және жыл сайын 3 миллиардтан қаржы жұмсалады.