NASA Юпитердің таңғажайып бұлттарын көрсетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - NASA Юпитердің солтүстік жартышарынан алынған бұлттардың фотосуреттерін жариялады. Бұл туралы компанияның ресми сайты хабарлайды.
Кадрларды бұлттардың жоғарғы қабатынан 18 906 километр биіктіктен Juno ғарыш кемесі түсірген.
Зерттеушілер фотосуреттерді тереңірек тексеру үшін көк фильтрден өткізді. Кадрлардың масштабы бір пиксельге 12 километрді құрайды.
Юпитерді зерттеу үшін Juno ғарыш кемесі 2011 жылғы 5 тамызда ұшырылып, 2016 жылғы 5 шілдеде орбитаға шығарылды. Ол алып ғаламшардың гравитациялық және магнит өрістерін зерттеп, Юпитердің қатты ядросы бар екендігі туралы гипотезаны тексеру миссияларын атқарады.