Нашақорлыққа қарсы күресте тыйым салумен және жазалаулармен ештеңе шешілмейді - Жантемір Баймұхамедов

АЛМАТЫ. 3 қазан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Нашақорлыққа қарсы күресте үгіт-насихат жұмыстарының маңызы зор. Оны "Шучу" фильмінің режиссері Жантемір Баймұхамедов бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында айтты.

Нашақорлыққа  қарсы күресте тыйым салумен және жазалаулармен ештеңе шешілмейді - Жантемір Баймұхамедов

"Нашақорлыққа қарсы күресте ең алдымен марихуана мен күшті есірткілердің арасын ажырату керек. Өйткені кәсіби нашақорлардың әңгімесі оң мен солын әлі танып болмаған жасөспірімдер үшін жылдам әсер етеді. Бұл түк те әсер етпейді бір рет шегіп көрші деген сөзге сеніп марихуананы алғаш шегіп көргендер күшті деген мынау болса деп есірткінің өзге түрлерін де көруге қызығады. Олардың бүкіл өмірін кейде марихуана тұқылының өзі күл-талған етеді", - дейді 90 жылдардағы Алматының тыныс-тіршілігін өз фильміне арқау еткен Ж.Баймұхамедов. Оның айтуынша, қылмыс пен жаза мәселесі "Шучу" фильмінде көтерілетін көкейкесті мәселенің бірі болып отыр. Жалпы қазір республикада декриниминациялау үдерісі жүріп жатыр. Бұл оның тамырына балта шегуде әлі жеткіліксіз. Енді барлық күш-жігерді үгіт-насихат жұмысына жұмылдыру қажет. Мәселен, есірткінің зияндылығын голландықтар кішкентай кезінен бастап біліп өседі. Онда "стриптиз шоу" тамашалау мен есірткінің буына мастану тек шетелдік саяхатшылардың ермегі. Ал жергілікті халық арасында нашақорлар мүлде жоқ десе болады.