Нашар интернет Қазақстанда жасанды интеллекті енгізуге кедергі болуы мүмкін

жасанды интеллект
Фото: freepik.com

АСТАНА. KAZINFORM – Oxford Insights cарапшыларының мәліметінше, 2023 жылы Қазақстан Үкіметі жасанды интеллект технологияларын енгізуге дайындығы бойынша 193 елдің ішінде 72-орынға ие болды. Сарапшылар сондай-ақ ЖИ енгізуді қиындататын бірнеше кедергіні атады.

Oxford Insights сарапшыларының атап өтуінше, интернет және цифрландырудың жоғары деңгейі Қазақстанда ЖИ-ды сәтті енгізудің негізгі факторларына айналуы мүмкін. Дегенмен, бірқатар кедергілер бар: 

* заманауи инфрақұрылымның және ЖИ үшін жеткілікті есептеу қуатының болмауы; 
* ЖИ өнімдерінің техникалық қауіпсіздік стандарттарының болмауы, бұл сараптама жүргізуде қиындықтар туғызады;
* деректерге қол жеткізудің қиындатылуы;
* интернет сапасының төмен болуы;
* ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды дамытудың белсенді ұлттық институтының болмауы;
* әлеуетті клиенттер арасында ЖИ өнімдеріне төмен сұраныс және технологияға сақтықпен қарау.

Сарапшылар сондай-ақ технологиялардан тым көп нәрсе күтілетінін, бұл болашақта қаржыландырудың қысқаруына және инвестициялардың жылыстауына әкелуі мүмкін екенін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар