Нассим Талеб: Қазақстанға қазіргі геосаяси жайттар соншалық әсер ете қоймайды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Әйгілі «The Black Swan» кітабының авторы Нассим Талеб Астанада өтіп жатқан Стратегиялық бастамалар форумына онлайн режимде қатысып, қазіргі геосаяси жағдайдағы Қазақстанның мүмкіндіктері туралы пікір білдірді», - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нассим Талеб: Қазақстанға қазіргі геосаяси жайттар соншалық әсер ете қоймайды

«Тарих солай болып тұр, Қазақстан Жердің ең маңызды бөлігі – Жібек жолының бойында орналасқан. Сондықтан, географиялық тұрғыда тиімді жерде тұрғандықтан, геосаяси жайттар Қазақстанға соншалық қатты әсер етпейді. Қазақстан өз ресурстарын қорғап, экономикалық және саяси институттарын бекемдетіп жатқан кезде геосаясаттағы құбылмалылық оған әсер ете қоймайды. Сондықтан Қазақстан өз орнын сақтап қана қалмай, нығайта да алады», - деді экономист.

Аталған форумда Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Еркін Тұқымов Астанада өтіп жатқан Стратегиялық бастамалар форумында елдегі реформалардың жиілігі туралы пікір білдірді.