Наталья Годунова: Индустрия министрлігіндегі жобалар жаппай қымбаттап жатыр

None
Фото: parlam.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Жоғару аудиторлық палата төрағасы Парламенттің бірлескен отырысында бюджет есебінен іске асатын жобалардың құнын асырып бағалау белең алып тұрғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Министрліктердің өзі жеңілдетілген несие мен преференцияларды, кепіл берілген борышты ұсыну кезінде аталған мемлекеттік қолдау өндірістерді кеңейтіп, жұмыс орындарының санын көбейтетінін негіз етіп көрсетеді. Ал көрсеткіштер көп сұрақ туындатады. Қаражат бөлінген жылы нәтиже бола қоймайтыны түсінікті. Бірақ орта мерзіммен 3-5 жыл ішінде нәтижесі көрінуі керек қой», - деді Наталья Годунова.

Сондай-ақ, ол бюджетті тиімсіз қолдану тенденциясын ауыздықтау да - қосымша кіріс көзі бола алатынын еске салды.

«Төрт жыл бұрын жобалау-сметалық құжаттамада жоба құнын асырып көрсету деңгейі - 30%, ал оның жалпы сомасы 1 трлн теңге болады деп есептеген болатынбыз. Қазір жобалардың қымбаттауы жалпы сипат алып отыр. Оның жалпы сомасы тіптен қомақты. Осыған байланысты әсіресе Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі тарапынан ақылға қонымды шаралар, ал мемлекеттік сараптама тарапынан қатаң бақылау керек», - деді Жоғары аудиторлық палата басшысы.


Соңғы жаңалықтар