Наталья Богданова Азия ойындары жартылай финалға өтті

АСТАНА. KAZINFORM - 2026 жылғы Азия ойындарында 28 қыркүйекте Қазақстан құрамасынан Наталья Богданова (75 келі) шаршы алаңға шықты.

Наталья Богданова
Фото: olympic.kz

Отандасымыз 1/4 финалда өзбекстандық Азиза Зокировамен қолғап түйістірді.

Бүгін ол өзбекстандық Азиза Зокированы 4:1 есебімен жеңді. Наташаның келесі қарсыласы - Ловлина Боргохайн (Үндістан). Жартылай финалдық жекпе жек 30 қыркүйек өтеді.

Наталья Богданова 1999 жылы 28 шілдеде дүниеге келген. Қазірге дейін World Boxing аясында 2025 жылы әлем чемпионы атанса, сол жылы IBA өткізген әлем чемпионатында қола медальға қол созды.

Ал 2022 жылы Азия ойындарында үздк үштіктен көрінді.

Сондай-ақ бүгін ел құрамасынан Махмұд Сабырхан (55 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі) және Нұрбек Оралбай (90 келі) шаршы алаңға шықты.

Айта кетсек, ел құрамасынан Алуа Балқыбекова (51 келі), Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) жартылай финал жолдамасына қол жеткізді.

Қазірге дейін ел құрамасынан Оразбек Асылқұлов (60 келі), Сабыржан Аққалықов (80 келі), Назым Қызайбай (54 келі), Виктория Графеева (60 келі), Аида Әбікеева (55 келі) жарыс жолынан шығып қалды.

Айта кетсек, қазірге дейін ел құрамасынан Қазақстандық боксшылар Азия ойындарында соңғы рет 2014 жылы Инчхонда алтын медаль жеңіп алған. Бұдан кейін Джакартадағы 2018 жылғы және Ханчжоудағы 2023 жылғы Азия ойындарында қазақстандық боксшылар алтын жүлдесіз қалған.