Наталья Местоева оқ атудан әлем чемпионатында топ жарды

Қазақстандық спортшы әлем чемпионатында тарихи жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Kazinform.

местоева
Фото: facebook/olga.arinbasarova

Тайландта өткен турнирде ел қоржынына алғаш рет практикалық мылтық атудан әлем чемпионатында алтын түсті. 

Наталья Местоева екі медаль жеңіп алды: оның бірі алтын екіншісі қола.

Құрамында Наталья Местоева, Лилия Уварова, Кристина Асықбаева, Дана Қабашева бар Қазақстан әйелдер командасы командалық есепте екінші орынға ие болды.

Кіші Сергей Литвинов жекелей сында 4-орынға табан тіреді.