«National Geographic» журналында америкалық фотограф Қазақстанда түсірген суреттерді жариялады (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгілі америкалық фотограф Филипп Толедано «National Geographic» журналында шықпаған Қазақстан жайлы түсірілген бірнеше суретін Инстаграмдағы парақшасында жариялады.

«National Geographic» журналында америкалық фотограф  Қазақстанда түсірген суреттерді жариялады (ФОТО)

Фотографтың негізгі міндеті ресейлік ғарышкерлер Михаил Корниенко және Сергей Волков, сонымен қатар америкалық астронавт Скотт Келли болған «Союз ТМА-18М» ғарыш аппаратының қонуы туралы ақпараттандыру болатын.

Айта кеткен жөн, С.Волков басшылық еткен осы ғарыш кемесімен қазақстандық Айдын Айымбетов өткен жылы қыркүйекте ХҒС-ға аттанған.

Еске сала кетейік, ғарыш аппараты ғарышкерлерімен бірге сәрсенбі күні Қазақстанда Жезқазған қаласынан 147 шақырым жерде қонған.

Корниенко мен Келли ғарышқа 2015 жылы 27 наурызда аттанған. Ғарышкерлер стансада шамамен 340 тәулік болған. Экипаждың үшінші мүшесі Сергей Волков ХҒС-да 182 тәулік жұмыс істеді. Ол орбитаға «Союз ТМА-18М» ұшып барған. Осы ғарыш кемесімен үшеуі Жерге оралды.

«Союз ТМА-18М» командирі Сергей Волковке Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан II дәрежелі «Достық» ордені табысталды.

2
3
4
5