НАТО 40 жыл бомбыласа да, Ливия берілмейді - Каддафидің ұлы

«Ливияны бомбылау қанша уақытша созылмасын, мейлі 40 күн, мейлі 40 жыл болсын, біз бәрібір берілмейміз», - деп мәлім етті ол жергілікті телеарна эфирінде сөйлеген сөзінде.
Биліктің пікірінше, елдегі соңғы оқиғалардың сыртында лаңкестердің тұрғанын айтқан, Сейф әл-Ислам, «АҚШ-тың, Ливияға әуе шабуылын жасаудың орнына, «Әл-Кайедамен» күресуге көмектесуі керек екенін» мәлім етті.
«Мисурат пен Бенғази лаңкестерден азат етілгеннен, кейін, жаңа конституцияның аясындағы ұлттық бітімгершілік пен демократия туралы сөйлесетін кез туады», - деп мәлім етті ол.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Муаммар Каддафи де Ливия мемлекеттік телеарнасының тікелей эфирінен сөз сөйлеп, НАТО елдерін бітімгершілікке шақырған болатын.
«Біз ешкімге шабуыл жасаған жоқпыз, теңіз шекарасын кескен жоқпыз... неге бізге шабуыл жасап жатыр? Бізге шабуыл жасап жатқан елдер, келіңіздер, келіссөз жүргізейік. Келісімге келейік», -деді Каддафи өз сөзінде.
Каддафидің айтуынша, Ливия өкіметі бітімге келуге әзір, бірақ ол біржақты болмауы керек. Ол сондай-ақ, проблеманың бәрі НАТО елдерінің мұнайға қолжетімділігіне қатысты болса, ол мәселені мұнай келісімшарттары бойынша келіссөз жүргізу арқылы шешуге болатынын айтты.
«Егер НАТО-мен бейбіт келіссөз басталмаса, Ливия халқы шайқаса береді», - деп уәде етті Каддафи.