НАТО әскери комитетін неміс генералы Карстен Бройер басқарады
АСТАНА. KAZINFORM – Бундесвердің бас инспекторы және Германия армиясындағы ең жоғары лауазымды әскери офицер, генерал Карстен Бройер келесі жаздан бастап НАТО әскери комитетін басқарады, деп хабарлайды BBC.
Комитеттің қазіргі басшысы, итальяндық адмирал Каво Драгоне X желісінде хабарлағандай, Бройер бұл лауазымға Копенгагенде өткен барлық 32 одақтас елдің Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшыларының кездесуінде сайланған.
- Сіздің жедел пайымдауыңыз, одақ туралы терең біліміңіз және неміс Қарулы күштерін басқару тәжірибеңіз НАТО-ға жақсы қызмет етеді. Қорғаныс басшылары сізге еуроатлантикалық қауіпсіздік үшін сынақ кезінде сенім артты, - деді ол Бройерді құттықтай отырып.
Congratulations to General Carsten Breuer, Chief of Defence of the Bundeswehr 🇩🇪 on his election as the next Chair of the NATO Military Committee, taking office in July 2027! Carsten - on behalf of the entire Military Committee, and personally - our warmest congratulations! Your operational judgement, your deep familiarity with this Alliance and your leadership of the German Armed Forces will serve NATO well. The Chiefs of Defence have placed their trust in you at a demanding moment for Euro-Atlantic security. You will have the full support of the Committee and of the International Military Staff through the transition, and I look forward to working closely with you until the handover. #WeAreNATO #NATO #MilitaryCommittee #Bundeswehr @GermanyNATO @BundeswehrGI @SHAPE_NATO
— Admiral Giuseppe CAVO DRAGONE - NATO CMC (@CMC_NATO) September 19, 2026
Әскери комитет - НАТО-ның ең жоғары әскери органы. Ал оның төрағасы лауазымы бойынша альянстың Бас хатшысының бас әскери кеңесшісі қызметін атқарады. Бас хатшы қызметін дәстүрлі түрде Еуропа елдерінен немесе Канададан келген тәжірибелі саясаткерлер атқарады.
Бұған дейін Литва НАТО-ның ядролық тежеу жүйесіне қосылуға ниетті екенін жазған болатынбыз.