НАТО әскерлерді шығарғаннан кейін әскери нысандардың бір бөлігін ауған билігіне береді

БРЮССЕЛЬ. 5 наурыз. ҚазАқпарат - Солтүстікатлантикалық альянс Қауіпсіздікке жәрдемдесу халықаралық күштерінің (ҚЖХК) әскерлерін шығарғаннан кейін НАТО мен ҚЖХК әскери нысандарының бір бөлігін ауған билігіне бермек.
None
None

Бұл туралы Ауғанстанға сапары барысында НАТО-ның бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен мәлім етті, деп хабарлады Солтүстікатлантикалық альянстың баспасөз қызметінен.

А.Расмуссеннің айтуынша, ҚЖХК-ның әскери инфрақұрылымынын кейбір нысандары ауған тарапына беріліп үлгерді. Бұл ретте Альянс басшысы атап өткендей, НАТО мен Ауғанстан арасында қандай нысандар жойылуға жататындығына және ауған бюджетіне күтіп ұстау бойынша қосымша қаржылық қиындықтар туғызбайтындай Кабулға берілетін нысандарға қатысты келіссөздер жүріп жатыр.

НАТО және ҚЖХК контингентінің бұрынғы қолбасшысы, генерал Джон Аллен бұған дейін мәлім еткендей, шетелдік әскерлер орналасқан әскери базалардың инфрақұрылымын әскерлерді шығару алдында бұзбайды.

Соңғы жаңалықтар