НАТО әскерлері қателесіп тоғыз ауғандықты мерт қылды

АСТАНА. 2 наурыз. ҚазАқпарат - Ауғанстандағы НАТО әскерлері Кунар провинциясындағы операция барысында қателесіп, тоғыз бейбіт тұрғынды мерт қылды, деп хабарлады Утро.ру агенттігі.

НАТО әскерлері қателесіп тоғыз ауғандықты мерт қылды

Халықаралық күштер қолбасшысы генерал Дэвид Петреус бүгін болған оқиғаға байланысты кешірім сұрады және қазаға ұшырағандардың туыстарына көңіл айтты.

Ауғандықтар сейсенбі күні содырлар тобына шабуылдау барысында НАТО тікұшақтарынан атылған зымыран соққысынан қаза болды. Жергілікті өкімет орындары мен халықаралық күштер өкілдері оқиғаның мән-жайын тексеруде.