НАТО Ауғанстан бойынша консультация өткізді
БРЮССЕЛЬ. Қарашаның 10-ы. ҚазАқпарат /Ержан Оспанов/ - Өткен аптада Солтүстікатлантикалық кеңес пен Қауіпсіздікті қолдау халықаралық күштерінің (ISAF) құрамына өз әскери контингенттерін бөлуші елдердің өкілдері Құрама Штаттар үкіметінің өкілдерімен кездесіп,
Ауғанстандағы алдағы уақыттағы іс-шаралар бойынша консультация өткізді, деп хабарлайды альянстың баспасөз қызметінен.
43 елдің өкілдері Ауғанстанда сайлау аяқталғаннан кейінгі басымдықты мәселелер бойынша пікір алмасты. Одақтастар мен Альянсқа кірмейтін, бірақ өз контингенттерін бөлуші мемлекеттер, ауғанның ұлттық қауіпсіздік күштерінің дайындығын күшейту, халықаралық қоғамдастық сенімді мықты серіктеске ие болуы үшін, Кабулде барлық тараптың өкілдері кіретін үкімет құру, сондай-ақ Ауғанстандағы халықаралық қоғамдастықтың азаматтық құрылымдарын күшейту сияқты мәселелер бойынша пікір алмасудың мүмкіндігіне қолдау білдірді. Кездесуде сондай-ақ, Ауғанстан мен Пәкістанның арасындағы ынтымақтастықтың дамытудың маңыздылығы да атап көрсетілді.