НАТО Бас хатшысы АҚШ-ты Усама бен Ладенге қарсы операцияны сәтті өткізуімен құттықтады
ССЕЛЬ. 3 мамыр. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - НАТО Бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен АҚШ Президенті Барак Обаманы,
сондай-ақ «№1 лаңкес» - Усама бен Ладенге қарсы операцияны сәтті өткізген барлық азаматтарды құттықтады. Бұл туралы альянстың баспасөз қызметінен хабарлады.
«Бұл, НАТО одақтастарының және барша халық үшін әлемді қауіпсіздеу ету мақсатында жаһандық лаңкестікпен жүргізіліп жатқан іс-қимылдарға қосылып отырған барлық елдердің айтулы жетістігі», - деп атап көрсетті А.Расмуссен өз сөзінде.
Естеріңізге сала кетейік, 1 мамырда АҚШ Президенті Барак Обама мәлімдеме жасап, американдық арнайы қызметтердің Исламабадтың төңірегінде Усама бен Ладеннің көзін жойғанын хабарлаған болатын.