НАТО Бас хатшысы АҚШ-тың 44-ші президентін құттықтады

БРЮССЕЛЬ. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат /Ержан Оспанов/ - НАТО-ның Бас хатшысы Яаап де Хооп Схеффер Америка Құрама Штаттарының 44-ші президенті Барака Обаманы ұлықтау рәсімімен құттықтады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат альянстың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Солтүстікатлантикалық одақ атынан АҚШ-тың 44-ші Президентін ұлықтау рәсімімен құттықтаймын. Президент Обама өз міндетін халықаралық қоғамдастық алдында үлкен қатерлер, сондай-ақ неғұрлым қауіпсіз әлем құрудың үлкен мүмкіндігі туып отырған сәтте қабылдап отыр. Құрама Штаттарын қоса алғанда, НАТО одақтастары бұл мақсатқа қол жеткізу үшін көмек көрсетуде біртұтас», - делінген НАТО Бас хатшысының құттықтауында. «Альянстың негізі қаланғаннан бері Құрама Штаттар НАТО-да жетекші рөл атқарып келеді, Президент Обама бұл дәстүрді жалғастыратынына сенімдімін», - делінген бұдан әрі құжатта. Ұйым Бас хатшысы Альянс Б.Обаманың сәуір айында Страсбургте және Келеде (Германия) өтетін Солтүстікатлантикалық альянстың 60 жылдығына арналған мерекелік саммитке алғашқы сапарын асыға күтуде, деп мәлімдеді ұйымның бас хатшысы.
Соңғы жаңалықтар