НАТО Бас хатшысы операцияға түсті

АСТАНА.  Шілденің 22-сі. ҚазАқпарат - Солтүстікатлантикалық      шарт ұйымының   (НАТО) бас  хатшысы   Яап де Хооп  Схеффер  операцияға түсті,  оған   артериалық тромбты  алып   тастау    операциясы   жасалды, 

НАТО Бас хатшысы  операцияға түсті

деп   хабарлайды  Альянстың баспасөз   мәслихаты.

Саябақта  өтіп  жатқан  салтанатты рәсім кезінде   өзін жайсыз  сезінген  Яап де Хооп  Схеффердің    сәкіге   жатып,  демалуға  мәжбүр болғанын    бұқаралық ақпарат  құралдары  бұдан бұрын     хабарлаған болатын.   Жағдайы  жақсарған  соң,  ол    демалу  үшін   өз резиденциясына аттанады.

Бірақ  бірнеше   сағаттан кейін мәлім болғандай,  Яап де Хооп  Схеффер     жергілікті  ауруханаға түсіп,  дәрігерлер оған     операция жасау  туралы шешім қабылдайды.    Артериялық тромбы алып  тастау    операциясы сәтті  өткен,       Бас хатшының  денсаулығына ешқандай  қауіп жоқ, деп хабарлайды дерек көздер.

Я.де Х.Схеффер     бірнеше күн дәрігерлердің бақылауында  болады.