НАТО бас хатшысы Вашингтонда алдағы 2012 жылғы Альянс саммитінің күн тәртібін талқылады

БРЮССЕЛЬ. 8 қараша. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен Вашингтонда болып, алдағы 2012 жылы Чикагода өткізілетін Солтүстікатлантика альянсы саммитінің күн тәртібін талқылады, деп хабарлады НАТО баспасөз қызметі.
None
None

НАТО басшысы АҚШ президенті Барак Обамамен, Мемлекеттік хатшы Хиллари Клинтонмен, қорғаныс министрі Леон Панеттамен, АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Том Донилмен, сонымен қатар АҚШ парламенті сенатының мүшелерімен кездесіп, Чикагода өткізілетін Альянс саммитінің күн тәртібіндегі мәселелерді талқыға салды.

А.Расмуссен атап өткендей, Ауғанстан проблемасы алдағы кездесулерде басты тақырыпқа арқау болады. «Ауғандық күштер қауіпсіздігі үшін жауапкершіліктің ауысуы жалғасуда. Чикагода өткізілетін саммит кезінде біз Ауғанстанды өтпелі кезеңде және одан кейін де қалай қолдап отыратынымызды шешуіміз қажет», - деді НАТО басшысы.

Соңғы жаңалықтар