НАТО «Біріккен пікірталастар 60/20» топтамасын бастады

БРЮССЕЛЬ. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Ержан Оспанов/ - НАТО-ның Қоғамдық дипломатия басқармасы Вашингтон келісімшартына қол қойылудың 60 жылдығына және «қырғиқабақ соғыстың» аяқталуының 20 жылдығы құрметіне «Бірлескен пікірталастар 60/20» кездесулер топтамасын бастады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат альянстың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 2009 жыл бойына өткізілетін жарыссөздер топтамасына Брюссельдің жетекші талдау орталықтарының қауіпсіздік мәселелері жөніндегі мамандары қатысады, олар НАТО-ның келешегін сөз етеді. Талқыланатын мәселелердің қатарында: Солтүстікатлантикалық одақтың энергетикалық қауіпсіздік мәселесіндегі рөлі, трансатлантикалық қарым-қатынастардың жағдайы, НАТО мен Еуроодақтың арасындағы ынтымақтастығы, НАТО-ның Ауғанстандағы іс-қимылы сияқты тақырыптар бар.
Соңғы жаңалықтар