17:54, 17 Ақпан 2009 | GMT +5
НАТО еуроатлантикалық қауіпсіздік форумын өткізеді
БРЮССЕЛЬ. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат /Ержан Оспанов/ - Стратегиялық зерттеулер институты НАТО-ның қоғамдық дипломатия басқармасымен бірлесіп, «НАТО жоғары деңгейдегі мерекелік кездесу алдында: Солтүстікатлантикалық одаққа жаңа стратегиялық тұжырымдама керек пе?» деген тақырыппен форум өткізеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Пікірсайыстар ақпанның 19-20-сы күндері Краков қаласында (Польша) өтетін НАТО елдері қорғаныс министрлерінің бейресми кездесуі ауқымында ұйымдастырылмақ. Форум жұмысына НАТО-ның көптеген мүше елдері мен әріптес мемлекеттерінің жетекші талдау орталықтарының өкілдері қатысады, олар НАТО-ның халықаралық қауіпсіздік жүйесіндегі орны, трансатлантикалық қатынастар, ашық есік саясаты және НАТО-ның болашақ миссиясы сияқты мәселелерді талқылайды.Басқосуда НАТО Бас хатшысы Яаап де Хооп Схеффер негізгі баяндама жасайтын болады.