08:27, 05 Ақпан 2009 | GMT +5
НАТО Грузияда өзінің арнайы өкілдігін ашады
БРЮССЕЛЬ. Ақпанның 5-і. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың наурыз айында НАТО Грузияда өзінің арнайы өкілдігін ашқалы отыр. Бұл миссияның басты қызметі - жыл сайынғы ұлттық жоспардың әзірленуін үйлестіру болып табылады.

Бұл туралы журналистерге Брюссельде Грузияның Еуропалық және еуроатлантикалық құрылымдарға ықпалдасу жөніндегі мемлекеттік министрі Георгий Барамидзе мәлім етті. «Комиссия НАТО-ның шешімі бойынша құрылады, бұл Альянсқа қарай жасалып отырған тағы бір қадам», деді министр НАТО-Грузия комиссиясының мәжілісінен кейін. ҚазАқпарат бұл туралы Utro.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.Грузияның сыртқы істер министрі Григол Вашадзенің айтуынша, барлық делегациялар Оңтүстік Осетия мен Абхазияны «қаруландыруға болмайтынын» бірауыздан айтқан. «Әсіресе, Очамчира және Гудауттағы әскери базалардың құрылысына ерекше назар аударылды»,- деді Вашадзе өз сөзінде.